22 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №439

534 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 8 мамыр, Астана қаласы «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9226 болып тіркелген және «Казахстанская правда» газетінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 141 (27762); «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 141 (28365) болып жарияланған) және «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 110 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 371 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9613 болып тіркелген және «Заң газеті» газетінде 2014 жылғы 28 тамызда № 128 (2522); «Юридическая газета» газетінде 2014 жылғы 28 тамызда № 128 (2696) болып жарияланған) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З.Тургумбаевқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр полиция генерал-полковнигі Қ.ҚАСЫМОВ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 08 мамырдағы №439 бұйрығымен бекітілген «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет) Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – күзет қызметімен айналысу құқығына заңды тұлғаларға берілген лицензия, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия беруден бас тарту себептері туралы дәлелді жауап. Лицензияны қағаз тасымалдағышта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, басылып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметті берушінің іс-әрекетінің тәртібі 1. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №11143 тіркелген) «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі. 2. Көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық әрекеті және шешімдері (ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл жасасудың № 1 диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген: 1) тұтынушы ЭҮП тіркеуді өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегі арқылы жүзеге асырады, ол тұтынушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады); 2) 1-процесс – ЭЦҚ тіркеу куәлігін тұтынушының компьютерінің интернет-браузеріне бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ЭҮП паролін енгізу (авторизация процесі) процесі; 3) 1-шарт – ЭҮП тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалылығын логин (БСН) және пароль арқылы тексеру; 4) 2-процесс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы ЭҮП-ның хабарлама қалыптастыруы; 5) 3-процесс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұрау салу нысанын шығару және тутынушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде қоса отырып толтыруы (мәліметтерді енгізу); 6) 4-процесс – қызметті ЭҮТШ төлеу, одан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға келіп түседі не болмаса электрондық (сканерленген) түрде түбіртекті тіркеу; 7) 2-шарт – қызмет көрсету үшін төлеу фактісін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тексеру; 8) 5-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұрау салынған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 9) 6-процесс – тұтынушының сұрау салуды куәландыруы (қол қоюы) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы; 10) 3-шарт – ЭҮП ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайта алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен тіркеу куәлігіндегі ЭЦҚ арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру; 11) 7-процесс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқасының расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 12) 8-процесс – тұтынушының ЭЦҚ арқылы қызметті көрсетуге толтырылған сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою); 13) 9-процесс – электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және сұрау салуды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да өңдеу; 14) 4-шарт – қызмет көрсетушінің лицензия беру үшін тұтынушының біліктілік талаптарға және негіздерге сәйкестігін тексеруі; 15) 10-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы; 16) 11-процесс – тұтынушының ЭҮП қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы (электрондық лицензия). Электрондық құжат көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады. 3. Көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық әрекеттері және шешімдері (көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-қимыл жасасудың № 2 диграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген (қызмет көрсету): 1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ логині мен паролін енгізуі (авторизация процесі); 2) 1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалылығын логин және пароль арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ тексеру; 3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері туралы деректерде қате болуға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ хабарламаны қалыптастыру; 4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің тұтынушының деректерін енгізуі; 5) 4-процесс – ЭҮШ арқылы ЗТ МДБ-ға тұтынушының деректері туралы сұрау салу жолдау; 6) 2-шарт – тұтынушы туралы деректердің ЗТ МДБ бар болуын тексеру; 7) 5-процесс – тұтынушы туралы деректер ЗТ МДБ болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлама қалыптастыру; 8) 6-процесс – құжаттардың қағаз тасымалдағышта болуы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің тұтынушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерден өткізу және оларды сұрау салу нысанына тіркеу; 9) 7-процесс – сұрау салуды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ тіркеу және қызметті «Е-лицензиялау» МДБ АЖ өңдеу; 10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тұтынушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін тексеру; 11) 8-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру; 12) 9-процесс – тұтынушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы (электрондық лицензия). Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде іс-әрекеттердің (іс-қимылдың) тәртібінің сипаттамасы 1. Қызметті көрсету процесіне қатысатын ҚФБ: 1) ЭҮП; 3) ЭҮТШ; 5) ЗТ МДБ; 2) ЭҮШ; 4) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ; 6) көрсетілетін қызметті беруші. 2. Әрбір іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, іс-әрекеттердің (рәсімдер, функциялар, операциялар) мәтіндік кестелік дәйектілігінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөліністердің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу дәйектілігінінің де толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша Көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық әрекеттері және шешімдері ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл жасаудың № 1 диаграммасы Көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл жасаудың № 2 диаграммасы «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша Іс-әрекеттердің (рәсімдердің, функциялардың, операциялардың) қадамдық реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы 1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы Іс-әрекет № (жұмыстың барысы, ағымы) 1 2 3 4 5 ҚФБ атауы Тұтынушы ЭҮП Тұтынушы ЭҮТШ ЭҮП Іс-әрекеттің (процестің, рәсімдердің операциялар-дың) атауы және олардың сипаттамасы Тұтынушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту Тұтынушы-ның деректерінде бұзушылық-тар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптасты-рады Қызметті таңдайды және қажетті құжаттарды электронды түрде бекіте отырып, сұрау салу деректерін қалыптасты-рады Қыз-метті төлеу Төлем болмауы-на байлан-ысты бас тарту туралы хабарла-маны қалып-тастыра-ды Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-шылық-өкімдік шешімдер) Сұрау салу сәтті қалыптастырыл-ғандығы туралы хабарламаның шығуы Сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру Сұрау салу сәтті қалыптасты-рылғандығы туралы хабарлама-ның шығуы Іс-әрекет сәтті аяқтал-ғаны туралы хабар-лама-ның шығуы Сұрау салынған электрон-дық қызмет-тен бас тарту туралы хабарла-маны қалып-тастыру Орындау мерзімдері 10–15 сек 20 сек 1,5 мин 1,5 мин 10–15 сек Келесі іс-әрекеттің нөмірі 2–тұтынушының деректерінде бұ-зушылықтар болса; 3–егер авторизация сәтті өтсе - 4 5 – егер төлеме-се; 6 – егер төлесе - жалғасы 6 7 8 9 10 11 Тұтынушы ЭҮП Тұтынушы ЭҮП ЭҮП ЭҮП Сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдау Тұтынушы-ның ЭЦҚ түпнұсқа-лығының растал-мауына байланысты бас тарту туралы хабарлама-ны қалыптас-тырады ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландыру (қол қою) Электрондық құжатты өтінішті (тұтынушының сұрау салуы) «Е-лицензиялау» АЖ-де тіркеу және сұрау салуды «Е-лицензиялау» АЖ-де өңдеу «Е-лицензиялау» АЖ-да тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады Электрондық құжат (электрондық лицензия) Сұрау салуды бағыттау Сұрау салынған электрон-дық қызметтен бас тарту туралы хабарлама-ны қалып-тастыру Сұрау салуды бағыттау Өтінішке нөмір бере отырып, сұрау салуды тіркеу Сұрау салынған электрондық қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру Электрондық лицензия, қайта ресім-делген лицензия, лицен-зияның телнұсқасы 10–15 сек 10–15 сек 1,5 мин 1,5 мин 15 жұмыс күні 15 жұмыс күні, 10 жұмыс күні, 2 жұмыс күні 7–егер ЭЦҚ қате болса; 8–егер ЭЦҚ қатесіз болса - - 10 – көрсетілетін қызмет-ті берушінің тұтынушы-ның біліктілік талаптарына және лицензия беруге арналған негіздердің сәйкестігін тексеруі - - 2-кесте. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы Іс-әрекет № (жұмыстың барысы, ағымы) 1 2 3 4 ҚФБ атауы Көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензия-лау» МДБ АЖ Көрсетілетін қызметті беруші ЗТ МДБ Іс-әрекеттің (процестің, рәсімдердің, операция-лардың) атауы және олардың сипаттамасы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ авторизацияланады Деректерде бұзушылықтар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері қызметті таңдауы ЗТ МДБ тұтынушы деректерін тексеруге сұрау салуды жолдау Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешімдер) Сұрау салу сәтті қалыптастырылғандығы туралы хабарламаның шығуы Сұрау салынған электрондық қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру Сұрау салу сәтті қалыптастырылған-дығы туралы хабар-ламаның шығуы Сұрау салуды бағыттау Орындау мерзімдері 10–15 сек 10 сек 1,5 мин 1,5 мин Келесі іс-әрекеттің нөмірі 1– «Е-лицен-зиялау» МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің логины мен паролінің түпнұсқалы-ғын тексеру - 4 5–егер тұтынушы деректерін-е бұзушы-лықтар болса; 6–егер авториза-ция сәтті өтсе жалғасы 5 6 7 8 9 «Е-лицензия-лау» МДБ АЖ Көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензия-лау» МДБ АЖ «Е-лицензиялау» МДБ АЖ «Е-лицензиялау» МДБ АЖ Деректерде бұзушылықтар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру Құжаттар-ды бекіте отырып, сұрау салу нысанын толтыру Электрондық құжатты «Е-ли-цензиялау» АЖ-да тіркеу және қызметті «Е-лицензия-лау» МДБ АЖ-да өңдеу «Е-лицензиялау» АЖ тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру Электрондық құжат (электрондық лицензия) Сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру Сұрау салу сәтті қалыптас-тырылған-дығы туралы хабарлама-ның шығуы Өтінішке нөмір бере отырып, сұрау салуды жүйеде тіркеу Сұрау салынған электрондық қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру Электрондық лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы 1,5 мин 10–15 сек 1,5 мин 15 жұмыс күні 15 жұмыс күні, 10 жұмыс күні, 2 жұмыс күні - - 8–егер «Е-лицен-зиялау» МДБ АЖ-да сұрау салу бойынша деректер болмаса, 9–егер сұрау салу бойынша деректер табылса - «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 3-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы _____________________________________ (Мемлекетік көрсетілетін қызмет атауы) Шартты белгілер Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11368 болып енгізілді.